kz-KZ

 

Белоног Юрий Анатольевич ˗ Солтүстік Қазақстан облысының Облыстық жедел медициналық көмек

орталығы директорының міндетін атқарушысы.

 

Белоног Юрий Анатольевич 1970 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген.

 

Білімі:

 

1987 жылы орта мектепті бітіріп, Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсті.

 

1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді.

 

1998 жылы Түмен мемлекеттік университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

 

Жұмыс тәжірибесі:

 

1993 жылдан 2000 жылға дейін дәрігер анестезиолог-реаниматолог, дәрігер-нарколог болып жұмыс істеді.

2001 жылдан 2003 жылға дейін - Ақмола облысының «Облыстық наркологиялық диспансерінің» бас дәрігері.

2003 жылдан 2008 жылға дейін - Петропавл қ. «3 қалалық аурухананың» бас дәрігері.

2008 жылдан 2021 жылға дейін-Солтүстік Қазақстан облысының «Көпбейінді облыстық ауруханасының» бас дәрігері.

2021 жылғы 07 шілдеден 2022 жылғы наурызға дейін – «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК бас директоры.

2022 жылғы 15 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы»ШЖҚ КМК директорының м.а.

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы. Облыстық мәслихаттың депутаты.

 

Мемлекеттік наградалармен марапатталған:

 

Медаль «Шапагат»

«ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалі

«ҚР Денсаулық сақтау саласындағы ерекше еңбегі үшін»

«ҚР Денсаулық сақтау үздігі» белгісі

 

Үйленген. Ұлы бар.