kz-KZ

03.06.2026 ж. Облыстық жедел медициналық көмек орталығында шақыртуларды қабылдау диспетчерлері мен аға дәрігерлерге арналған «Жедел медициналық жәрдем шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету тақырыбында семинар өтті. Семинарды директордың ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.А.Ким, директордың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары С.А.Кашемирова, дәрігер - сарапшы В.И. Вовк жүргізді. Күн тәртібінде «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары, шақыртуды қабылдау кезіндегі медицина қызметкерінің этикасы мен деонтологиясы, сондай - ақ жіберілген қателіктерге талдау жасау мәселелері қарастырылды. «ОЖМКО» - да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында шақыртуларды қабылдау алгоритмдерін пысықтау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Жедел медициналық көмек шақырту қызметі Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетел азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.


05.12.2025 жылы «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» ШЖҚ КМК-да «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өтті.

Диспетчерлерге шақыруды қабылдау бойынша стандарт айтылды, жеделдік санатын анықтау бойынша алгоритм пысықталды, қоңырауларды қабылдау кезінде анықталған ақаулар көрсетілді. Семинарды директордың ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.А.Ким, директордың емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары В.В.Жужгов, қосалқы станция меңгерушісі С.А.Кашемирова өткізді.

Іс-шара «Облыстық жедел медициналық көмек орталығында» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.



Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық ақпарат 2026 жылдың 3 айында жедел жәрдем қызметі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы


 

Орындалған мемлекеттік қызметтер

Жедел медициналық көмек шақырту мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-2252020 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 32 бұйрығы