kz-KZ

 


 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №1577 қаулысына сәйкес «ОЖМКО» ШЖҚ КМК-да медициналық қызметтердің сапасын тұрақты жетілдіру, медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында, пациенттерге медициналық көмек көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау, жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды.

 

Егер Сіз:

  • медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбай қалсаңыз;
  • медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • тегін жедел медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың тарапынан ақшалай қаражатты бопсалау фактілерімен кездессеңіз;
  • сондай-ақ, жедел медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, сіз Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге құқылысыз.

 

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және күнтізбелік бес күннен кешіктірмей сіздің ұсынысыңызды қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

 

Пациенттерді қолдау қызметіне жеке және телефон арқылы хабарласа аласыз:

  • Жужгов Владимир Владимирович ‒ бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, телефон 36-34-05.
  • Вовк Вера Ивановна ‒ ішкі бақылау дәрігері, телефон 36-34-05.
  • Аға дәрігерлер ‒ тәулік бойы, телефон 46-00-08.
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ сенім телефоны -8-7152-36-61-81.

 

Вакцинациялау-бұл сіздің балаңыздың қорғалу құқығы!