kz-KZ

 

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен түрік компаниясы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын сенімді басқаруға беру туралы шарт жасасты.

Аталған компания пациенттерге шұғыл көмек көрсету үшін медициналық құралдармен жабдықталған «Мерседес» маркалы 14 заманауи реанимобильдерді облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғашқы рет тапсырды. Сондай-ақ, инвестор ведомствоға тағы осындай 34 реанимобильді беруді жоспарлап отыр.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі МЖӘ есебінен тартылған инвестициялар ақтөбеліктерге жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталуы күтуде деп хабарлайды.

Түрік инвесторлары бұл бағытта үлкен тәжірибеге ие және жобаға 3,5 млрд.теңге салуға дайын. Компания Батыс-2 шағын ауданында жылына 75 мың шақыртуға жедел жәрдем станциясын және қала бойынша 3 қосалқы станциясын салады. Сонымен қатар, инвестор дәрігерлерді, фельдшерлер мен жүргізушілерді халықаралық стандарттарға сәйкес оқытуға уәде береді.