Халықаралық Отбасы күні!
Отбасы – бақыт мекені. Оның құрметіне 2013 жылы елімізде бекітілген Отбасы күні жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланып келеді. Атаулы күнді биыл қазақстандықтар 12 қыркүйекте атап өтпек.
Мерекеге орай Елбасының кітапханасы руханият пен мәдениет сабақтастығын сақтайтын отбасы ошағының маңыздылығына бейнеролик арнады. Отбасының рухани және мәдени құндылықтардың ұйытқысы, түрлі буындардың дәнекері екенін Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев та жиі айтады. «Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы», - дейді ол.
2021 жылдың бірінші ширегінде елімізде 100,5 мың нәресте дүниеге келді. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді», – мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев.
Барша қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтай отырып, әр әулетке зор денсаулық, амандық тілейміз. Бақытты отбасы – гүлденген Қазақстанның мұраты!