Бiз туралы
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Біздің борышымыз: жедел медициналық көмекті уақтылы және сапалы көрсету
Біз Сіздерді Солтүстік Қазақстан облысының жедел медициналық көмек орталығының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.
Халық денсаулығы жай-күйінің деңгейі, бұл ретте, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму мөлшерін айқындайды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды.
Денсаулық сақтау саласының басым стратегиялық бағыттары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.
Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын стратегиялық дамыту контексінде маңызды орын алады. Медициналық қызметтер нарығын және медициналық ұйымдар арасында бәсекелестік қатынастарды құру көзделуде.
Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуға тиіс.
Біздің сайтты аша отырып, біз мынадай мақсатты көздедік: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберіндегі қызметтер тізбесін қоса алғанда, пациенттердің құқықтарын регламенттейтін ақпаратқа қол жеткізуді арттыру.
Біз орын алған проблемаларды талқылау, олардың шешімдерін іздеу үшін диалог алаңын құрғымыз келеді, сондай-ақ Сізді қызықтырған сұрақтарға жауап алуға, талдамалық және анықтамалық материалдар мен медициналық қызметтерді ұсыну бойынша шынайы ақпарат алуға болады.
Жаңалықтар
-
ХАБАРЛАНДЫРУ! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы
-
ХАБАРЛАНДЫРУ! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
-
ХАБАРЛАНДЫРУ! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы
-
ХАБАРЛАНДЫРУ! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы