kz-KZ

 24.09.2025 жылы "Облыстық жедел медициналық көмек орталығы" ШЖҚ КМК-да "Жедел жәрдем шақыру"мемлекеттік қызметін көрсету бойынша семинар өтті. Күн тәртібінде 3 сұрақ болды. 1. "Жедел жәрдемді шақыру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, баяндамашы директордың ОМР жөніндегі орынбасары-С.А. Ким, диспетчерлерге шақыруды қабылдау бойынша нұсқама жеткізілді. 2. "Жедел жәрдемді шақыру" қызметін көрсету бойынша ақауларды талдау, баяндамашы дәрігер-сарапшы -В.И. Вовк, жедел жәрдем диспетчерлеріне шақыруды қабылдау кезінде олардың қателіктері айтылды. 3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, баяндамашы комплаенс-офицер-В.А.Найда. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сондай-ақ корпоративтік этика Кодексінің нормалары жеткізілді. Лауазымдық міндеттерді кәсіби орындау, пациенттер мен әріптестерге құрмет көрсету қажеттілігіне, сондай-ақ ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақша, қызметтер түрінде заңсыз сыйақы алуға жол бермеуге назар аударылды.