kz-KZ

Облыстық жедел медициналық көмек орталығында (бұдан әрі-ОЖМКО) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және этикалық нормаларды сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде жедел медициналық жәрдем көліктерінің жүргізушілері арасында дәріс өткізілді. 
Найда В.А. ОЖМКО-ның комплаенс-офицері қызметкерле назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сондай-ақ корпоративтік этика кодексінің нормаларын жеткізді.
Лауазымдық міндеттерді кәсіби орындау қажеттілігіне, сондай-ақ қызметтік автомобильдер мен медициналық жабдықтарды жеке мақсатта пайдалануға, ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақша, қызметтер түрінде заңсыз сыйақы алуға жол бермеуге назар аударылды.